Қазақстан Республикасы Президентінің (2014.02.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін арттыру, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: ҚР Президентінің 2014.02.04. № 776 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын, бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізіп, олардың барысында елде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар етсін. 2. ҚР Президентінің 2014.02.04. № 776 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері халыққа есеп беру кездесулері өткізілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей төмен тұрған әкімдер кездесулерінің есепті жылдағы қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін және Үкіметін оның нәтижелері туралы хабардар етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|