|
|
|
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында
ҚР 1999 жылғы 19 мамырдағы № 385-1 Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрi қарай «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы олардың арасындағы қарым-қатынастарды одан әрi дамыту мақсатында, екінші мемлекет аумағында тұрақты тұратын бiр мемлекет азаматтарының құқықтық статусына байланысты мәселелердi реттеу қажеттiлiгiн мойындай отырып, өз азаматтарының мүддесi үшiн екi Тараптың аумағында олардың тұруының теңдей жағдайларын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, 1993 жылы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiндегі құқықтық жәрдем және құқықтық қарым-қатынастар туралы конвенцияның ережелерiн еске ала отырып, өздерi қатысушылары болып табылатын адам құқықтары туралы жалпы жұрт таныған халықаралық құжаттардан туындайтын олардың мiндеттерiн қуаттай отырып, төмендегiлер жөнінде келiстi:
1. Егерде ол осы екiншi Тарап берген рұқсат негізінде оның аумағында тұрақты тұрып жатса және мұнымен бiрге өз азаматтығы Тарабының аумағында тұрақты тұратын тұлға болып табылмаса, Осы Шарттың мақсаттары үшiн бiр Тараптың азаматы екінші Тараптың аумағында тұрақты тұрушы болып есептеледi. а) «азаматтық Тарап» екiншi Тараптың аумағында тұрақты тұрушы бiр Тараптың азаматы болып табылатын азаматтың Тарабын білдiредi; б) «тұру Тарабы» екiншi Тараптың азаматы аумағында тұрақты тұратын Тарапты бiлдiредi.
1. Осы Шартқа сәйкес екiншi Тараптың аумағында тұрақты тұрушы бiр Тарап азаматының статусын куәландыратын, Тараптар мойындайтын куәлiк тұру Тарабының құзiреттi органдары беретiн құжат немесе аталған тұлғаның азаматтық Тарап заңдарына сәйкес жеке басын немесе азаматтығын растайтын құжаттарда тұру Тарабының құзiреттi органдары жасайтын белгiлер, сондай-ақ дипломаттық және қызмет паспорттарын есептемегенде, мемлекеттік шекараны кесiп өтуге құқық беретiн құжаттар болып табылады. 2. Тараптар осы баптың 1-тармағында аталған құжаттар және белгілер үлгілерiмен, сондай-ақ осы Шартқа сәйкес екiншi Тараптың аумағында тұрақты тұратын қандай адамдарға бiр Тараптың азаматтық статусын беретiндiгi туралы мәлiметтермен алмасады. Аталған алмасулар Тараптардың консулдық мекемелерi арқылы жүзеге асырылады. 3. Екінші Тараптың аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап азаматының оқуы, жұмысы, iс-сапары, әскери қызметi осы Шартпен анықталатын оның құқықтық статусына әсерiн тигiзбейді.
1. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бiр Тараптың азаматы тұру Тарабының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, салт-дәстүрлерiн құрметтеуге мiндеттi. 2. Екiншi Тарап аумағында тұрақты тұрушы бiр Тараптың азаматы азаматтық Тарабымен құқықтық байланысын сақтайды және олардың ұлттық заңдарына сәйкес екi Тараптың көмегi мен қорғауын пайдалана алады.
1. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бiр Тараптың азаматы, осы Шартта белгiленген алып тастаулардан басқа, тұру Тарабының азаматтарындай құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады және мiндеттердi орындайды. 2. Екiншi Тарап аумағында тұрақты тұратын бiр Тараптың азаматы төмендегi құқықтарды пайдаланбайды: а) тұру Тарабының ең жоғары мемлекеттік қызмет орындарына және мемлекеттік биліктің өкiлдi органдарына сайлау және сайлану; б) тұру Тарабы өткiзетiн бүкiлхалықтық дауыс беруге (жалпы мемлекеттік референдумға) қатысу; в) тұру Тарабының дипломатиялық қызметінде, қауiпсiздiк органдарында, iшкi iстер органдарында, атқару өкiметінің орталық және жергілiктi органдарында, судьяның, прокурордың қызмет орнына жұмысқа тұра алмайды.
1. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бiр Тараптың азаматына берiлген азаматтық Тарап оқу орындарында мемлекеттік үлгiдегi білім туралы құжаттар олардың берiлу мерзiмiне қарамастан, тұру Тарабы аумағында танылады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттар екiншi Тарап аумағында тұрақты тұрушы бiр Тараптың азаматына Тараптардың аумақтарында орналасқан оқу орындарына түсуге құқық бередi және жұмысқа қабылдануда күшi бар.
1. Тараптар өз заңдарына сәйкес екiншi Тарап аумағында тұрақты тұратын бiр Тараптың азаматтарына осы азаматтарға тиесiлi меншікті иелену, пайдалану және қолдану құқығына кепiлдiк бередi. Екiншi Тарап аумағында тұрақты тұрушы бiр Тарап азаматтарының меншiкті сатып алуы тұру Тарабының заңдарымен реттеледi. 2. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұрушы бiр Тараптың азаматы, егерде Тараптар арасындағы басқа келісім-шартта өзгесi көзделмеген болса, тұру Тарабының қолданыстағы заңдарына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендiруге қатысады.
Тараптардың мемлекеттік шекарасын, оның ішінде үшінші мемлекеттермен арадағы шекараларды кесiп өтуге құқық беретін құжаттарды өтiнiш жасаған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей тұру Тарабының тиiстi органдарымен келiсу бойынша тұру Тарабындағы азаматтық Тараптың консулдық мекемелерi бередi.
1. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап азаматының құқықтық қабiлетi мен жұмыс iстеу қабiлетi тұру Тарабының заңдарымен белгіленедi. 2. Екінші Тарап аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап азаматының жұмыс iстеу қабiлетiн шектеу немесе қалпына келтiру iстерi бойынша, сондай-ақ екiншi Тарап аумағында тұрақты тұратын, хабарсыз жоқ болып кеткен бiр Тарап азаматын тану туралы немесе қайтыс болды деп мәлiмдеу туралы iстер жөнiнде және екiншi Тарап аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап азаматының қайтыс болған сәтін белгiлеу туралы iстер бойынша бiр Тараптың құзiреттi органдары екiншi Тараптың тиiстi мекемелерiне хабар бередi.
1. Бала асырап алу немесе оны болдырмау, қамқоршылықты немесе шапағатшылықты белгiлеу немесе болдырмау, егер екінші Тараптың аумағында тұрақты тұратын бiр Тараптың азаматы бала асырап алушы, қамқоршы немесе шапағатшы болып табылған жағдайда, ал бала асырап алу немесе оны болдырмау, қамқоршылық немесе шапағатшылық белгiлеу немесе оны болдырмауды жүзеге асыруға қатысы бар тұлға тұру Тарабының азаматы болып табылса, осы Тараптың заңдарымен реттеледi. 2. Екiншi Тарап аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап азаматына қатысты бала асырап алу немесе оны болдырмау жүзеге асырылып жатса, қамқоршылық пен шапағатшылық белгiленiп немесе оны болдырмау көзделгенде азаматтық Тараптың заңдары қолданылады.
Тараптар арасында осы Шартты қолдануға немесе түсiндiруге байланысты пайда болатын даулар консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi.
Осы Шарт Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттік процедуралардың орындалғаны туралы бiр-бiрiне мәлiмдеген сәттен бастап күшiне енедi.
Осы Шарт ол күшіне енген күннен бастап бес жыл бойында қолданыста болады және әрбір ретте, егер Тараптардың бірде бірі аталған мерзім біткенше алты ай бұрын қарсылығы туралы хабарламаса, келесі бесжылдық мерзімге өздігінен ұзартылады.
Минск қаласында 1996 жылғы 17 қаңтарда екі дана болып, әрқайсысы қазақ, белорус және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |