«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын іске асыру туралы
«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығы 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының 2014 жылғы бірінші тоқсанда облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекіту бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері алдағы күнтізбелік жылға арналған халыққа есеп беруді өткізу кестелерін жасасын және 2013 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісу үшін ұсынсын, сондай-ақ Үкімет мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының жол жүру кестесін жасау үшін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары қоса беріліп отырған бекітуге сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатыссын. 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері төмен тұрған әкімдердің есепті жыл ішіндегі кездесулерінің қорытындыларын ескере отырып, шешілуі орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың құзыретіне жататын проблемалар тізбесін 2014 жылғы 5 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне ұсынсын. 5. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша халық көтерген проблемалардың тізбесін жасасын және 2014 жылғы 12 сәуірге дейінгі мерзімде мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, холдингтер мен компаниялардың қарауына жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|