Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы (2018.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК-нің», «АІЖК-інде» деген сөздер тиісінше «АПК-нің», «АПК-де» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Сот практикасын қорыту нәтижелері бойынша шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы құқық нормаларын біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етті: ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Соттар көрсетілген санаттағы істерді қараған кезде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделгенін және «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК), «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК), «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» «Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңының (бұдан әрі - Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заң), басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын қамтитынын ескергені жөн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|