Қазақстан Республикасының халқына мейіргелік күтім ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 36 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы ережесінің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына мейіргерлік күтім ұйымдастыру стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамсыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 269 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына мейіргерлік күтімді ұйымдастыру стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының халқына мейіргерлік күтімді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы Стандарт медициналық ұйымдардың меншік нысанына қарамастан мейіргерлік күтімді ұйымдастыру тәртібін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|