«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 Қаулысы (2017.18.04. берілген өзгерістермен)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме! Стоимость документа 300 тенге
Получить полный доступ к документу
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Судебные решения

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 Қаулысы

(2017.18.04. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандары бекітілсін:

1) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылар тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сай;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағы осы қаулыға 2-қосымшаға сай;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі сайлау бюллетені осы қаулыға 3-қосымшаға сай;

4) облыстық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы осы қаулыға 4-қосымшаға сай;

5) облыстық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамасы осы қаулыға 5-қосымшаға сай;

6) облыстық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы хаттамасы осы қаулыға

;