Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға міндетін атқарушы Н.І.Өкеев, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты А.Қ.Дауылбаевтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады. Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашы - Конституциялық Кеңес мүшесі А.К.Котовтың баяндамасын, өтініш субъектісі өкілінің сөзін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының мемлекеттік органдардың соттан тыс тәртіппен айыппұл түрінде өндірілетін мүлікті (ақшаны) мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты құқықтық қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағын түсіндіргенде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында меншікке заңмен кепілдік беріледі. Бұл кімді болса да мүлкінен айыруға сот шешімінен басқа ретте тек заңда көзделген жағдайларда ғана жол берілетінін білдіреді. Мүліктік құқық абсолютті болып табылмайды, өйткені Конституцияның 39-бабы 3-тармағының және азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік заңдарының тиісті нормалары негізінде оны шектеуге жол беріледі. Яғни айтқанда заңдармен көзделген жағдайларда нақты мүліктік құқықты шектеу азаматтық-құқықтық қатынастарда да, сондай-ақ жария-құқықтық салада да заңды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|