Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы
ҚР 1998 жылғы 29 маусымдағы № 246-1 Заңымен Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға қосылды
(мәтін ресми емес)
Осы Конвенцияның тараптары, адамдардың денсаулығы мен әл-аухатына маңызды қауіп төндіретін және қоғамның экономикалық, мәдени және саяси негіздеріне теріс әсер ететін есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз өндірудің, сұранысы мен айналымының көлемдері мен өсу беталысын терең уайымдап, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттардың әртүрлі әлеуметтік топтар арасында заңсыз айналымының одан сайын таралуын және әсіресе әлемнің көптеген аудандарында зор қауіпті төндіретін балалар заңсыз есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланушылар ретінде пайдаланатындығын және оларды заңсыз өндіру мен айналымы кезінде өздерін пайдаланатындығын терең уайымдап, заңсыз айналым мен онымен байланысты заңды экономикаға зиян келтіретін және мемлекеттің тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен егемендігі үшін қауіп төндіретін ұйымдасқан қылмыстылықтың нысандары арасындағы өзара байланысты мойындай отырып, сондай-ақ заңсыз айналымды тоқтату кідіріссіз және ең бірінші кезектегі назарды талап ететін халықаралық қылмыстық қызметті білдіретіндігін мойындай отырып, заңсыз айналым мол пайда мен қаржылық қаражатты қамтамасыз ететіндігін және бұл трансұлттық қылмыстық ұйымдарға үкіметтік тетіктерге, заңды саудаға және қаржылық қаражат пен қоғамға кіруге, оларды ыдыратуға және оларға зиян келтіруге мүмкіндік беретіндігін сезіне отырып, заңсыз айналыммен шұғылданатын адамдарды қылмыстық қызметтен алынатын кірістерден айыруға және сонымен оларды соған ниеттендіретін басты себепті жоюға бел байлап, есірткі құралдары мен психотроптық заттарға заңсыз сұранысты және заңсыз айналымнан алынатын мол кірістерді қоса алғанда, мұндай құралдар мен заттарды теріс пайдалану проблемасының негізді себептерін жоюға ниеттеніп, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|