Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Осы редакция 2014 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 31-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы Нұсқаулық облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін. 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың (бұдан әрі - кандидаттар), партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың (бұдан әрі - саяси партиялар) сенім білдірілген адамдарын тіркеуді нақтылайды. 2. Кандидаттар, саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|