Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1133 Қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидалар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкiметiнiң 2015 жылғы 18 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген
Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді ұсынатын көрсетілетін қызметті берушілер арқылы инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторлар үшін «бір терезе» қызметінің тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларды қолдану мақсаттары үшін мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвестор немесе оның заңды өкілі (бұдан әрі - инвестор) болып табылады: 1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар алуға өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан кейін жүзеге асырылады; 2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырады; 3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|