Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 1-қосымша) (2019.19.12. берілген өзгерістермен)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме! Стоимость документа 300 тенге
Получить полный доступ к документу
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 80 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 157 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу

қағидалары

(2019.19.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.19.12. № 95 бұйрығымен 1-тармақ редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7-6) тармақшасына және «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қағидалар концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) алдын ала есептеулер - жорамалдарды көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар MS Excel форматында қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады;

2) республикалық жоба - республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;

3) жергілікті жоба - коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 13-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба.

;