Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат): 1) 11-баптың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Еңбек Даңқы» (Трудовая Слава).»; 2) 17-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «17-1-бап. «Еңбек Даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және материалдық өндірістің басқа да салаларының жұмысшылары мен еңбеккерлері бір кәсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы жемісті ұзақ жылғы еңбегі, сондай-ақ еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің сапасын жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі аса жоғары көрсеткіштері үшін наградталады. «Еңбек Даңқы» ордені үш дәрежеден тұрады: I дәрежелі «Еңбек Даңқы»; II дәрежелі «Еңбек Даңқы»; III дәрежелі «Еңбек Даңқы». I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|