Маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін бекіту туралы (2020.21.09. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.21.09. № 112 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының мына көрсеткіштері бекітілсін: 1) төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютамен жүйелік маңызы бар төлем жүйелері арқылы жыл бойы жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемін шегергенде, осы төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютамен төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде; 2) төлем жүйесі арқылы осы төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде; 3) төлем жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан шетелге жіберілген және Қазақстан Республикасына шетелден алынған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жиынтық көлемінен жиырма бес пайыздан кем емес көлемінде жыл бойы халықаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|