ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 - 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы
4-бапқа сәйкес 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылды
Осы Заң республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің 2020 - 2022 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінген абсолюттік көріністегі көлемін айқындайды.
1-бап. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлардың көлемі 1. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 2020 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 420 081 203 мың теңге, оның ішінде: Атырау облысынан - 207 308 563 мың теңге; Маңғыстау облысынан - 8 213 586 мың теңге; Алматы қаласынан - 171 705 010 мың теңге; Нұр-Сұлтан қаласынан - 32 854 044 мың теңге сомасында белгіленсін. 2. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 2021 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 451 425 304 мың теңге, оның ішінде: Атырау облысынан - 213 751 848 мың теңге; Маңғыстау облысынан - 13 416 746 мың теңге; Алматы қаласынан - 190 108 501 мың теңге; Нұр-Сұлтан қаласынан - 34 148 209 мың теңге сомасында белгіленсін. 3. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 2022 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 490 436 982 мың теңге, оның ішінде: Атырау облысынан - 220 960 446 мың теңге; Маңғыстау облысынан - 19 493 443 мың теңге; Алматы қаласынан - 211 516 094 мың теңге; Нұр-Сұлтан қаласынан - 38 466 999 мың теңге сомасында белгіленсін. 2-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 1. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін 2020 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 2 104 432 069 мың теңге, оның ішінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|