Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы (2023.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК-не» деген сөз «АПК-не» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша: «талап арыздарды қараған», «талап арыздарын», «қойылған талап арыз», «талап арызында қойған», «талапты қойған кезде», «арыздары», «арыз берген кезде» деген сөздер тиісінше «талап қоюларды қараған», «талап қоюларын», «талап қою», «талап қоюда мәлімдеген», «талап қою кезінде», «талап қоюлары», «талап қою кезінде» деген сөздермен ауыстырылды, «Талапкер», «талапкер», «талапкердің» деген сөздер тиісінше «Талап қоюшы», «талап қоюшы», «талап қоюшының» деген сөздермен ауыстырылды (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Азаматтарға тиесiлi өзiндiк мүлiктiк емес игілiктер мен құқықтарды қорғау және оларға келтiрiлген моральдық зиянды өтеу мәселелерiн реттейтiн заңнаманы сот практикасында дұрыс әрi бiркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етедi: 1. Жеке тұлғаларға тумысынан немесе заң бойынша тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды сот арқылы қорғаудың, сондай-ақ оларға келтiрiлген моральдық зиянды өтеудiң адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың тиiмдi кепілі болып табылатынына соттардың назары аударылсын. 2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (бұдан әрi — АК) 9 және 141-баптары мен республиканың басқа да заңдарына сәйкес, сот өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды қорғауды: құқықты тану; өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру, оның iшiнде мемлекеттік органдардың заңнамаға сәйкес келмейтiн актілерін жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|