Әкімдіктің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 410 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 22 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 31 тамыздағы № 410 қаулысына (2016 жылғы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринариялық анықтама, не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринариялық анықтама алу орны, күні мен уақыты туралы хабарлама жолданады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|