ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44, 424-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде: 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Комиссия өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында сайлау және республикалық референдум туралы заңнаманың орындалуын бақылауды және оның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етуді; 2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті, сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша шешімдер, сондай-ақ өзге де құқықтық актілер қабылдайды; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады; 4) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|