Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 969 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) Жарғысы оның атауын, орналасқан жерін, құқықтық мәртебесін, оның органдарын қалыптастыру тәртібін және құзыретін, Қордың құқықтары мен міндеттерін, қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату шарттарын және Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа ережелерді айқындайды. 1) қазақ тілінде: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 2) орыс тілінде: некоммерческое акционерное общество «Фонд социального медицинского страхования»; 3) ағылшын тілінде: «Social Health Insurance Fund» non-profit Joint Stock Company. 1) қазақ тілінде - «ӘМСҚ» КЕАҚ; 2) орыс тілінде - НАО «ФСМС»; 3) ағылшын тілінде - «SHIF» NPJSC. 4. Қордың атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор к-сі, 8, ІК-9, 603-каб. 5. Қордың корпоративтік сайты - www.shif.kz
6. Қор «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 389 қаулысына сәйкес құрылған. 7. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасында Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Қордың мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жүзеге асырады. 8. Қор негізгі мақсаты пайда табу болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|