Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы (2019.27.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 160 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2018.11.05. № 129 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019.20.03. № 135 бұйрығымен (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.09. № 523 бұйрығымен (2019 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі: 1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде, егер көрсетілген кезең үшін жергілікті атқарушы органдар есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен төмен болған жағдайда, онда кедейлік шегі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болмайтын мөлшерде айқындалады; 2) 2019 жылғы 1 сәуірден бастап - атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен 70 пайыздан төмен болмайтын мөлшерде айқындалады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|