«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 194 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 39-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін. 2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы (Е.Н. Чикенов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.М. Омарға жүктелсін. 4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 159 қаулысымен бекітілген
«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|