Діни қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы (2023.07.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017.22.12. № 185 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018.27.12. № 01-01/113 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2023.24.01. № 33 бұйрығымен (2023 ж. 7 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктері, ғибадат үйлері (ғимараттары) мен миссионерлердің саны туралы мәліметтер; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес діни бірлестіктер, олардың филиалдары мен өкілдіктері пайдаланатын ғибадат үйлері (ғимараттары) туралы мәліметтер; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес миссионерлер туралы мәліметтер; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар туралы мәліметтер; 5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес рухани (діни) білім беру ұйымдары туралы мәліметтер; 6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар туралы мәліметтер; 7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|