ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 20, 97-құжат; 2018 ж., № 7-8, 23-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1, 6 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 8 651 742 646 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша - 5 592 394 446 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 120 224 237 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 5 620 000 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша - 2 933 503 963 мың теңге; 2) шығындар - 9 353 497 730 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 129 691 956 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер - 250 268 731 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу - 120 576 775 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 51 806 107 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу - 51 806 107 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -883 253 147 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 1,5 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 330 528 103 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 7,4 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 883 253 147 мың теңге.»; «6-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттер түсімдері: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыруға байланысты - 49 046 555 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|