Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін бекіту туралы (2020.30.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.30.11. № 139 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.30.11. № 139 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.30.11. № 139 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банктік емес ұйымдардың осы банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы немесе банктік емес ұйым және оның контрагенттері арасында ашылған корреспонденттік шоттары арқылы ағымдағы айда жүзеге асырылатын корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшері банкаралық клиринг жүйесіндегі клирингтің нәтижелері бойынша дебеттік таза позицияның сомасы шегеріле отырып, банкаралық ақша аударымдары жүйесі және банкаралық клиринг жүйесі арқылы өткен айда жүзеге асырылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және банктік емес ұйымның жіберілетін қолма-қол ақшасыз төлемдерінің жалпы көлемінен бес пайыз аспайтын көлемде бекітілсін. 2. Мыналардың: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|