Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанында қоғамдық кеңес құрудың кейбір мәселелері
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4-тармағына сәйкес, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1194 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге» сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанында Қоғамдық кеңес қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының құрамы (бұдан әрі - жұмыс тобы); 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылаушылар тізімі бекітілсін. 2. Жұмыс тобы: 1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жарияласын; 2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындасын; 3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізсін; 4) Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын әзірлесін. 3. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаментіне жүктелсін. 4. Ішкі сауда департаменті: жұмыс тобының құрамын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жарияласын; осы бұйрықтан туындайтын өзге қажетті шараларды қабылдасын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|