Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының м.а 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 8 және 10-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы есеп нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін анонимді сауалнамаға арналған сауалнама парағының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 106 бұйрығы «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13831 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 шілдеде жарияланған) күші жойылған деп танылсын. 3. Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын; 3) осы бұйрықтың Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|