Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы (2024.14.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.18.09. № 989 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|