Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № КГД-07-1/25014-И Хаты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу жөнінде азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғалардың міндеттемелерінің бөлігіне «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізуге байланысты, мынаны хабарлайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - Қазақстан Республикасында қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға. Заңның 29-бабының 1-тармағында Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) сомалары жөніндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде тоқсан сайын тапсыратындығы белгіленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|