ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2023.31.07. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2019 жылғы қаңтардың 24-і.
№ 828 Президентінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 828 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. ҚР Президентінің 2023.31.07. № 290 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде: 12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «12. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының жұмыс органы әкім аппаратының құрылымына дербес құрылымдық бөлімше ретінде кіретін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының хатшылығы болып табылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының хатшылығын меңгеруші басқарады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы хатшылығының меңгерушісін тиісті әкім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|