Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережені (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 808 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының қабылдануына байланысты: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілген. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 сәуірдегі № 1650 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 17, 167-құжат), 1994 жылғы 30 қарашадағы № 1965 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 45, 483-құжат), «Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 39, 500-құжат) 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2716 өкімдерінің күші жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 52 өкімімен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ереже Мұраты Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау және пайдалану. 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты (бұдан былай - Мұрағат) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылады және Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің қызметін мұрағаттық қамтамасыз ету саласында республикалық мемлекеттік органның функцияларын орындайтын мемлекеттік мекеме болып табылады. Мұрағат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қарауында болады. 2. Мұрағат өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|