Кәсiптiк одақтар туралы (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2014 жылғы 27 маусым дағы № 211-V Заңымен күші жойылды
1-бап. Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк одақтар Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк одақтар (кәсiподақтар) дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктер, оларды азаматтар өздерiнiң кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшiн ерiктi түрде құрады.
2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Осы Заңның жекелеген салаларда қолданылу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарында осы Заңның қолданылу ерекшелiктерi осы құрамалар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|