Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының
2005.13.06 № 57-III ҚР Заңымен күші жойылды
Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағындағы валюталық операцияларды жүзеге асыру принциптерi мен тәртібін, валюталық операциялар субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, валюта заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi айқындайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-I Заңымен 1-бап өзгертiлдi; ҚР 30.01.01 ж. № 154-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдары Қазақстан Республикасының валюта заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінен және валюталық реттеу органдарының нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. ҚР 30.01.01 ж. № 154-II Заңымен 1-1 баппен толықтырылды; ҚР 08.05.03 ж. N 411-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-1 бап өзгертілді 1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) валюталық реттеу - уәкiлеттi мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдарының) елдiң төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығын, iшкi валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргiзу тәртібін белгiлеу және оның сақталуын бақылау жөніндегі қызметi; 2) валюта - мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылдаған ақша бiрлiгi немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктеріндегі қаражат; 3) ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|