Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми Конституциялық Кеңес құрамында Конституциялық Кеңес төрағасы Ю.А. Ким, мүшелері Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, С.Ғ. Темірболатов және В.Д. Шопин қатысқан, өтініш субъектісі өкілі - Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Е.З. Бекбаевтың қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады. Конституциялық Кеңес мүшелері, баяндамашылар В.Д. Шопин мен Ж.Д. Бұсырмановтың хабарламаларын, өтініш субъектісі өкілінің сөзін тыңдап, осы өтінішке қатысты материалдармен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны А Н Ы Қ Т А Д Ы: 1998 жылғы 8 қазанда Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағындағы "мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген бөлігін ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Өтініште "мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген сөздердің мағынасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін қалай және кім белгілейтін болады деген мәселе қойылған. Осы өтінішке қатысты материалдарды зерделеп, және тіл мамандарының пікірлерін негізге ала отырып, Конституциялық Кеңес өтініште қойылған мәселелер бойынша мынадай түсінік береді, "Мемлекеттік тілді еркін меңгеретін" деген сөздер қазақ тілінде сауатты түрде оқиды, жазады, өз ойларын қиналмай оңай жеткізеді және көпшілік алдында сөйлей алады деген ұғымды білдіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|