Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағын және 76-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төрағаның мiндетiн атқарушы Н.I. Өкеев, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, мына өкiлдердің: өтiнiш субъектiсiнен - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты Б.Ғ. Жүсіповтің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен - Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары К.А. Колпаковтың, Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiнен мемлекеттік-құқық бөлiмiнің аға референтi И.М. Ахметованың, қатысуымен өткен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағын және 76-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады. Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Кеңес мүшесi Қ.Ә. Омархановтың және отырыс қатысушыларының сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады: 1. Республиканың Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 5 желтоқсанда Республика Парламентiнің 31 депутатының Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағына және 76-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiшi келiп түсті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|