Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы (2006.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 325 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің құрамы бекітілсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. ҚР Президентінің 05.11.03 ж. № 1222 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Ұлттық Кеңес қызметiнiң басты мақсаттары мемлекеттік өмiрдiң неғұрлым маңызды мәселелерi, мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігiн көтеру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, азаматтық қоғам өкiлдерiмен кеңiнен талқылау негiзiнде iшкі және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау. 3. Ұлттық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері ҚР Президентінің 05.11.03 ж. № 1222 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері: мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қозғайтын проблемалар жөнінде ұсыныстар тұжырымдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|