Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне атқарушылық іс жүргізу 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 53-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 238-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат): 28-баптың 2-тармағы "негiзiнде прокурорға" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудi қозғау туралы қаулының негiзiнде сот орындаушысына" деген сөздермен толықтырылсын. 2. "Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат): 1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: "4-бап. Сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртібі 1. Сот приставтарының бөлiмшелерiн: 1) жергiлiктi соттарда - атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы құрады. 2. Сот приставтарының бөлiмшелерiне аға сот приставтары басшылық етедi. Аға сот приставы: 1) өзi басқаратын бөлiмшенiң жұмысын ұйымдастырып, оған бақылау жасайды және сот приставтарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады; 2) жоғары тұрған ұйымдардың және лауазымды адамдардың бұйрықтарының, әдiстемелiк ұсыныстарының, нұсқаулары мен өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады; 3) бағыныстылық тәртібімен сот приставтарының iс-әрекетiне жасалған шағымдарды қарайды. 3. Жергiлiктi соттарда сот приставтарының қызметiне ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылықты уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Уәкiлеттi орган: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|