Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Президентінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 325 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесiнiң қызметiн одан әрi жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ұлттық Кеңес қызметiнiң басты мақсаттары мемлекеттік өмiрдiң неғұрлым маңызды мәселелерi, мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігiн көтеру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, азаматтық қоғам өкiлдерiмен кеңiнен талқылау негiзiнде iшкі және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау.»; «барлық билiк бұтақтарының қатысуын қамтамасыз ету» деген сөздер «мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары мен халықтың түрлi әлеуметтiк топтарының өкiлдерiн тарту» деген сөздермен ауыстырылсын; бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «8. Ұлттық кеңестiң құрамы онда мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың тең өкiлдiк етуi негiзiнде жасақталады. Кеңес мүшелерiнiң жартысы орталық мемлекеттік органдар басшыларының, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi мен мәслихаттары хатшыларының және ауылдық округтердiң әкiмдерi қатарынан тағайындалады.»; екіншi абзацпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|