жоба Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы "Қазақстан ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1177 қаулысына сәйкес Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді 1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 4-баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын; 2) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Кандидаттардың сайлауға қатысуына тең құқықтар мен шарттарға кепілдiк беріледі."; 3) 9-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасының төртiншi абзацы алынып тасталсын, 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілiгiн алған кандидат сайланған болып саналады."; 4) 10-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды. Сайлау комиссияларын саяси партиялармен консультациялардан кейiн тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиялары құрады: Парламент Мәжілісiне депутаттар сайлау жөніндегі облыстық сайлау комиссияларын, округтiк сайлау комиссияларын, Астана, Алматы қалаларының сайлау комиссияларын Орталық сайлау комиссиясы құрады; аудандық, қалалық сайлау комиссияларын, сондай-ақ облыстық мәслихатқа депутаттар сайлау жөніндегі округтiк сайлау комиссияларын облыстық сайлау комиссиялары құрады; қаладағы аудандық сайлау комиссияларын, сондай-ақ қалалық мәслихатқа депутаттар сайлау жөніндегі округтiк сайлау комиссияларын Астана, Алматы қалаларының сайлау комиссиялары құрайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|