Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы (2011.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысымен күші жойылды
Соттардың сот тәжірибесінде еңбек дауларын қарау және шешу кезінде заңнамалардың кейбір нормаларын бірыңғай қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында бекітілгендей, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар және ол еңбек құқықтық қатынасына да қатысты болатынына соттардың назарын аудару керек. ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 20 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Жекелеген санатқа жататын тұлғалардың еңбек қатынастары тек Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің» (бұдан әрі - Еңбек кодексі) нормаларымен ғана емес, сонымен қатар арнайы заңнамалық актілермен де реттеледі (мемлекеттік қызмет туралы, ішкі істер органдары жөнінде және т.б.). Арнайы нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген еңбек даулары бойынша құқықтық қатынастарды қарау кезінде, соттар Еңбек кодексінің нормаларын басшылыққа алулары тиіс. Егер жекелеген санаттағы қызметкерлердің өзге нормативтік құқықтық актілермен реттелген еңбек жағдайлары, олардың Еңбек кодексімен белгіленген жағдайларынан төмен болса, онда еңбек дауын шешу кезінде соңғысы қолданылуы тиіс. ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 20 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.12. № 5 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Еңбек кодексімен көзделген еңбек шартынан туындайтын еңбек даулары соттан тыс келісім комиссиясымен, сондай-ақ тікелей сотпен де қарастырыла алады. Келісім комиссиясына жүгіну, еңбек дауы тараптарының міндеттері емес, ол осы тараптардың құқығы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|