Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелері 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат): 62-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: "7-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы."; мынадай мазмұндағы 87-1-тараумен толықтырылсын: "87-1-тарау. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы 484-1-бап. Жалпы ережелер 1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру құқығы үшін алынады. 2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру құқығы (бұдан әрі - құқық) байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады. 484-2-бап. Төлеушілер Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады. 484-3-бап. Төлемақы ставкалары Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 484-4-бап. Есептеу және төлеу тәртібі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|