Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-II Қазақстан Республикасының Заңы (2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме! Стоимость документа 300 тенге
Получить полный доступ к документу
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы
2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР 2015 жылғы 9 ақпадағы  № 285-V Заңымен күші жойылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-4-баптар)

2-тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары

(5-12-баптар)

3-тарау. Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру

(13-17-баптар)

4-тарау. Қорытынды ережелер

(18-20-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негіздерiн анықтайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;

2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;

3) мемлекеттік жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi;

4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүйесi;

5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөніндегі ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;

;