Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыружөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2005.06.09. берілген өзгерістерімен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 10-1/52 бұйрығымен күші жойылды
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.
бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 470 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырудың процедураларын нақтылайды. 2. Фитосанитарлық бақылаудың негізгі мақсаттары: 1) фитосанитарлық бақылау объектілерінде қолайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету; 2) қарамағында фитосанитарлық бақылаудың объектілері бар жеке және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзудың алдын алу, анықтау, болдырмау және жою. 3. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды тиісті әкімшілік аумақтық бірліктердің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылаудың объектілері 4. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауға жататын объектілер болып мыналар табылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|