|
|
|
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 11-баптың редакциясы ҚР Президентінің 1995.08.31. № 2447 Жарлығымен 11-бап жаңа редакцияда; ҚР 19.06.97 ж. № 134-I; 10.07.98 ж № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 05.07.00 ж. № 79-II; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 04.07.03 ж. № 466-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi лицензиялау Қаржы қызметi мен қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтiң мынадай түрлерi мiндеттi түрде лицензиялауға жатады; 1) банк операцияларын, сондай-ақ банк заңдарына сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын өзге де операцияларды жүзеге асыру, клирингтiк және есеп айырысу ұйымдарының қызметi, банк қызметiне аудит. 2) аудиторлық қызмет; 2-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi; 3) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет, қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет, сақтандыру брокерлерiнiң қызметi, сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызмет, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитi. 4) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет, бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi; 5) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызмет; 6) зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызмет; 7) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет; 8) инвестициялық қордың қызметi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |