|
|
|
Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1207 Қаулысымен күші жойылды
«Дәрiлiк заттар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 65 қаулысымен бекiтілген
Дәрiханалардың, дәріхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесi (бұдан әрi - Ереже) фармацевтикалық қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесiн халықаралық стандартқа жақындату, халықты дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi жетiлдiру, дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында әзiрлендi. 2. Дәрiханалардың және дәрiхана қоймаларының санаты денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттеу процесiнде белгіленедi немесе расталады. 3. Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау үшiн олар жүзеге асыратын фармацевтикалық қызметтiң көлемi мен түрлерi өлшем болып табылады. 4. Санатына сәйкес фармацевтикалық қызметтiң түрлерiн толық көлемде ұйымдастыру және жүргiзу үшiн дәрiхана және дәрiхана қоймасы: 1) осы Ережеде көзделген құрылымдық бөлiмшелердiң (бөлiмдердiң); 2) осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларда келтiрiлген фармацевтикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыру және дәрiлiк және оларға теңестiрiлген заттарды сақтау шарттарын қамтамасыз ету үшiн тиiстi бөлiмдерге бiрiктiрілген үй-жайлардың құрамы болуын қамтамасыз етедi.
2. Дәрiханалардың санатын және құрылымын айқындау
5. Фармацевтикалық қызметтiң көлемi мен түрi бойынша дәрiханалар үш санатқа бөлiнедi. 1) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар барларын қоса алғанда, негiзгi (өмiрлiк маңызы бap) дәрiлiк заттардың толық тiзбесiн қабылдауды, сақтауды, сатуды; 2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және көзiлдiрiк оптикасын қабылдауды, сақтауды, сатуды; 3) дәрiлiк нысандарды, оның iшiнде асептикалық және стерильдi нысандарды дайындауды жүзеге асыратын дәрiханалар теңестіріледі. 7. II санаттағы дәрiханаларға: 1) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар барларын қоса алғанда, негiзгi (өмiрлiк маңызы бap) дәрілiк заттар тiзбесiнiң кемiнде 70%-ын қабылдауды, сақтауды, сатуды; 2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және көзiлдiрiк оптикасын қабылдауды, сақтауды, сатуды жүзеге асыратын дәрiханалар теңестiрiледi. 8. I және II санаттағы дәрiханаларға көрсетiлген фармацевтикалық қызмет түрлерiн жүргiзу үшiн мынадай құрылымдық бөлiмшелер ұйымдастырылады: I санаттағы дәрiханада: 1) дәрiлiк заттар қорларының бөлiмi; 2) рецептiк-өндiрiстік бөлiм; 3) дайын дәрiлiк заттарды сату бөлiмi; 4) дәрiгердiң рецептiнсiз дәрiлiк заттарды сату бөлiмi; 5) көзiлдiрiк оптикасы бөлiмi; ІІ санаттағы дәрiханада: 1) дәрiлiк заттар қорларының бөлiмi; 2) дайын, оның iшiнде дәрiгердiң рецептiнсiз босатылатын дәрілiк заттарды сату бөлiмi; 3) көзiлдiрiк оптикасы бөлiмi. 9. III санаттағы дәрiханаларға фармацевтикалық қызмет түрлерiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық қалған дәрiханалар теңестiрiледi. 10. Жүзеге асырылатын фармацевтикалық қызметтiң көлемi мен түрi бойынша жоғарылау санатқа сәйкес келетiн II немесе III санаттағы дәрiханалар денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі уәкілеттi органға оларға тиiстi санатты беру үшiн өтiнiм беруi мүмкiн.
3. Дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау
11. Жүзеге асырылатын фармацевтикалық қызметтiң көлемi мен түрi бойынша дәріхана қоймалары 2 санатқа бөлiнедi. 12. I санаттағы дәрiхана қоймаларына негiзгi (өмiрлiк маңызы бар), оның iшiнде құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың толық тізбесiн сатып алуға, сақтауға, әкелуге, әкетуге және сатуға байланысты фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын дәріхана қоймалары теңестiріледi. 13. Фармацевтикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн I санаттағы дәрiхана қоймасы мынадай құрылымдық бөлiмшелердi ұйымдастырады: 1) дәрілік заттарды қабылдау және жөнелту бөлiмi; 2) құрамында улы заттар, есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттар бөлiмi; 3) дайын дәрілiк заттар бөлiмi; 4) медициналық мақсаттағы бұйымдар (медициналық техникадан басқа), оның iшiнде таңу-байлау, санитарлық-гигиеналық заттар бөлiмi; 5) қосалқы материалдар, ыдыстар, дезинфекциялаушы заттар, қышқылдар және сiлтiлер бөлiмi. 14. II санаттағы дәріхана қоймаларына фармацевтикалық қызмет түрлерiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық қалған дәрiхана қоймалары теңестiрiледi.
Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесіне 1-қосымша
Дәрiхана санатына сәйкес бөлімдер мен үй-жайлардың құрамы
* II санаттағы дәрiханада персонал бөлмесi мен персонал гардеробы бiр болуы мүмкiн; ** II санаттағы дәрiханада дәрілік заттарды дәрiгердiң рецептiнсiз сатуды дайын дәрілік заттар бөлiмінде іске асырады.
Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесіне 2-қосымша
I санаттағы дәрiхана қоймасының бөлiмдерi және үй-жайлардың құрамы
1. Қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар: меңгерушiнiң кабинетi; менеджердiң кабинетi; персонал кабинетi; персонал гардеробы; жинау мүкәммалын сақтайтын қойма; санитарлық желi; су себезгi бөлме.
2. Дәрiлiк заттарды қабылдау және жөнелту бөлiмi: контейнерлерді түсiретiн және тиейтiн платформа; дәрiлiк заттарды қабылдауды және қойма құрылымдарына таратуды ұйымдастыруға арналған алаң (жабық үй-жайда); дәрiлiк заттарды және қоймадан басқа тауарларды буып-түюге, орап қаптауға және босатуға арналған үй-жай.
3. Құрамында улы заттар, есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттар бөлiмi: құрамында улы заттар, есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттарды, сондай-ақ арнайы рецептуралық бланктердi қабылдайтын, сақтайтын бөлме.
4. Дайын дәрiлiк заттар бөлiмi: мыналарды: 1) дәрiлiк субстанцияларды, жартылай фабрикаттарды және дайын дәрiлiк заттарды; 2) дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын; 3) этил спиртiн (болған жағдайда) сақтайтын бөлмелер; мыналарды: 1) субстанцияларды буып-түйетiн; 2) жанатын, оңай тұтанатын сұйықтықтарға арналған үй-жайлар.
5. Медициналық мақсаттағы бұйымдар (медициналық техникадан басқа), оның ішiнде таңу-байлау, санитарлық-гигиеналық заттар бөлiмi: мыналарды: 1) медициналық мақсаттағы бұйымдарды (медициналық техникадан басқа); 2) мақта, дәке және басқа таңу-байлау, санитарлық-гигиеналық заттарды сақтауға арналған бөлмелер.
6. Қосалқы материалдар, ыдыстар, дезинфекциялау құралдары, қышқылдар, сiлтiлер бөлiмi: мыналарды: 1) қосалқы материалдарды, ыдыстарды; 2) дезинфекциялау құралдарын; 3) қышқылдарды, сілтілерді сақтауға арналған үй-жайлар.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |