|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы” (2005.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2005.09.12. № 1220 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Астана қаласының әкіміне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң объектiлерiн салу үшiн Есіл өзенiнiң сол жақ жағалауында орналасқан жер (саяжай) учаскелерiн алуға (сатып алуға) байланысты шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 108343500 (бір жүз сегіз миллион үш жүз қырық үш мың бес жүз) теңге бөлiнсiн. 2. Астана қаласының әкімі 2005 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн жер (саяжай) учаскелерiн алуды (сатып алуды) жүргiзсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |