"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келісім бойынша) "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "МЖЗҚ" ЖАҚ) акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын берсiн. 2. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 қыркүйектегi № 1372 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 4-тармақ алынып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне: үш күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "МЖЗҚ" ЖАҚ директорлар кеңесiнiң құрамы және бас директорының кандидатурасы жөніндегі ұсыныстарды енгізу; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|