Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі Осы редакция 2005 ж. 2 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің шетелдік ұйымдардың алдындағы берешегін өтеудің тетігі мен тәсілін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Шетелдік ұйымдардың, оның iшiнде халықаралық ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөнінде тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) мынадай құрамда құрылсын: ҚР Үкіметінің 16.03.00 ж. № 409; 31.01.01 ж. № 154; 09.10.01 ж. № 1303; 28.12.01 ж. № 1746; 29.03.02 ж. № 371; 02.09.02 ж. № 953; 06.11.02 ж. № 1175;01.10.03 ж. № 1012;15.10.04 ж. № 1056 қаулыларымен құрам өзгертілді Жұмабеков - Қазақстан Республикасының Әділет Оңалсын Исламұлы министрi, төраға Коржова - Қазақстан Республикасының Наталья Артемовна Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi, төрағаның орынбасары Әрiпханов - Қазақстан Республикасының Айдар Әбдiразақұлы Қаржы вице-министрi, төрағаның орынбасары Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы Ғани Нұрмұханбетұлы вице-министрi, төрағаның орынбасары Қиынов - Қазақстан Республикасының Ләззат Кетебайұлы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi Бекбосынов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Сабыржан Мәдиұлы вице-министрi, хатшы Әмрин - Қазақстан Республикасының Ғұсман Кәрімұлы Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi Мамин - Қазақстан Республикасының Индустрия Асқар Ұзақбайұлы және сауда бiрiншi вице-министрi Павлов - Қазақстан Республикасы Александр Сергеевич Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға Дунаев - Қазақстан Республикасының Арман Ғалиасқарұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Оразбақов - Қазақстан Республикасының Ғалым Ізбасарұлы Индустрия және сауда вице-министрі Құзытбаева - Қазақстан Республикасының Ажар Қилымбекқызы Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары Тоқсейітов - Қазақстан Республикасының Рахымберген Құрманғалиұлы Мемлекеттік кіріс бірінші вице-министрі Аханов - Қазақстан Республикасының Серік Ахметжанұлы Экономика бірінші вице-министрі Мусина - Қазақстан Республикасының Лилия Сәкенқызы ауыл шаруашылығы вице-министрі Каппаров - Қазақстан Республикасының Нұрлан Жамбылұлы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі Рахметов - Қазақстан Республикасының Нұрлан Құсайынұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі Қарабалин - Қазақстан Республикасының Ұзақбай Сүлейменұлы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Елекеев - Қазақстан Республикасының Ирак Қасымұлы Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары Зверьков Вадим - Қазақстан Республикасының Павлович Сыртқы iстер вице-министрi; Мұсайбеков - Қазақстан Республикасының Көлiк Сәкен Жүнiсбекұлы және коммуникациялар вице-министрi Нығматулин - Қазақстан Республикасының Нұрлан Зайроллаұлы Көлiк және коммуникациялар вице-министрi; Иванов - Қазақстан Республикасының Леонид Александрович Қаржы вице-министрі 2. Қоса беріліп отырған Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. "Шетелдік кредиторлардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 913 қаулысының 1, 2, 3-тармақтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысымен бекітілген Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 16.03.00 ж. № 409; 29.03.02 ж. № 371 қаулыларымен 1-бөлім өзгертілді Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодекске, Қазақстан Республикасының "Шетелдік инвестициялар туралы", "Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу және борыш туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 2. Негізгі міндеттері мен функциялары Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының шетел ұйымдары алдындағы берешек мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Ведомствоаралық комиссияның функциялары: - шетел ұйымдарының алдындағы берешектер бойынша материалдарды қарау; - берешектерді өтеу тетігін, мемлекеттің инвестициялық саясатына түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар мен кепілдемелер дайындау. 3. Ведомствоаралық комиссияның органдары Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төрағаның жоқ кезінде оның функцияларын орынбасары орындайды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады. Ведомствоаралық комиссияның хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды, қатысушыларды отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар етеді және өткізілгеннен кейін олардың хаттамаларын рәсімдейді. 4. Жұмысын жоспарлау ҚР Үкіметінің 16.03.00 ж. № 409 қаулысымен 4-бөлім өзгертілді Ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қаралатын мәселелер тізбесі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органының материалдарды ұсынуына қарай жасалады. Бекітілген тізбе Ведомствоаралық комиссия мүшелеріне тізім бойынша жіберіледі. Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оның қаралуын басқа мерзімге көшіру туралы шешімді Төраға қабылдайды. Ведомствоаралық комиссияның кезектi мәжілісiн дайындау үшiн Жұмысшы органы сұратқан материалдарды оған министрлiктер мен ведомстволар үш күн мерзiмде ұсынады. 5. Ведомствоаралық комиссияның отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі Ведомствоаралық комиссияның отырыстары айына кемінде бір рет өткізіледі және оларды Төраға шақырады. Берешек проблемалары жөнінде шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайларда Төрағаның шақыруымен комиссияның кезектен тыс отырысының өткізілуі мүмкін. Ведомствоаралық комиссияның отырыстары ашық болып табылады және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде өткізіледі. Ведомствоаралық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшін Ведомствоаралық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыстар тепе-тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазба түрде баяндалуға және отырыс қорытындылары бойынша есеп-хатқа қоса тіркелуге тиіс. Ведомствоаралық комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша Төраға қол қоятын хаттама жасалады. Төрағаның шақыруымен Ведомствоаралық комиссияның отырыстарына сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың басшылары және өзге де лауазымды адамдары, өтініштері қаралып отырған кредиторлар қатыса алады. Ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысынан кейін қаралған мәселелер бойынша ұсыныстарымен қоса жұмыс қорытындылары туралы есеп Премьер-Министрдің Кеңсесіне жіберіледі. Ведомствоаралық комиссия отырысына енгізілетін материалдарға қажетті жағдайда қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі. 6. Қызметін тоқтату Ведомствоаралық комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады. |