|
|
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері (2014.15.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 938 Қаулысымен күші жойылды, 2-тармағын қоспағанда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 2. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінiң «Төтенше жағдайлар кезiнде штабтар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі» мемлекеттік мекемесiнiң «051 құтқару қызметi» (Қызылорда қаласы), Оңтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар басқармасы жанындағы «Жедел құтқару жасағы» және «Облыстық «Құтқару орталығы» (Шымкент қаласы), сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылған және жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын таратылатын коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындары мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрi - коммуналдық заңды тұлғалар) - аумақтық авариялық құтқару қызметтерi мүлкінiң базасында қолданыстағы заңнамада белгiленген штат санының лимитi шегiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң жедел құтқару жасақтары - мемлекеттік мекемелерi құрылсын. Тиiсті облыстардың, қалалардың әкiмдiктерi Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі «Төтенше жағдайлар кезiнде штабтар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі» мемлекеттік мекемесiнiң «051 құтқару қызметi» (Қызылорда қаласы), Оңтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар басқармасы жанындағы «Жедел құтқару жасағы» және «Облыстық «Құтқару орталығының» (Шымкент қаласы), сондай-ақ осы қаулының 3-қосымшасында көрсетiлген олар тарататын коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкiн Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiне берудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 53 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң құрылатын жедел құтқару жасақтарының - мемлекеттік мекемелерінің тiзбесi
1. «Ақтөбе облысының «05 құтқару қызметi» мемлекеттік мамандандырылған мекемесiнiң базасындағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе қаласының жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесi, Ақтөбе қаласы. 2. «Екiбастұз қаласы әкімінiң жанындағы құтқару қызметі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсiпорны базасындағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Екiбастұз қаласының жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесi, Екiбастұз қаласы. 3. «Қарағанды қаласы әкімінiң жанындағы «Жедел ден қою қызметi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны базасындағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды қаласының жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесi, Қарағанды қаласы. 4. «Төтенше жағдайлар кезiнде штабтардың жұмысын ұйымдастыру жөнiндегі» мемлекеттік мекемесiнiң «051 құтқару қызметi» базасындағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда қаласының жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесi, Қызылорда қаласы. 5. «Павлодар қаласы әкімінiң жанындағы құтқару қызметi» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсiпорны базасындағы «Қазақстан Республикасы Tөтенше жағдайлар министрлігі Павлодар қаласының жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесi, Павлодар қаласы. 6. «Жамбыл облысы әкімінiң құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорны базасындағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Тараз қаласының жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесi, Тараз қаласы. 7. «Облыстық жедел құтқару жасағы - «051 құтқару қызметi» мемлекеттік мекемесiнiң базасында «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Орал қаласының жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесi, Орал қаласы. 8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігi Оңтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар басқармасы жанындағы «Жедел құтқару жасағы» және «Облыстық «Құтқару орталығы» базасындағы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласының жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |