Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 230 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi Іс-шаралар жоспары) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары және мүдделi ұйымдар (келісім бойынша): 1) Іс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын; 2) тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берудi қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысымен Бекітілген ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен жоспар өзгертілді Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
|