Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741 және 2001
Осы редакция 2005 ж. 9 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн: 1) "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетiлген тәртiппен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 19, 249-құжат): кiрiспедегі "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңының 108-бабына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 264, 273 және 317-баптарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын; мәтiндегi "коммерциялық" деген сөз "кәсiпкерлiк" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың тауарлаpды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңілдетiлген тәртіппен өткізу ережесінде: 7-тармақтағы "Кеден ісі туралы заңның 179" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 91" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы "Кеден iсi туралы заңның 21-тарауына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 33-43-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын; "Кеден iсi туралы заңның 122 және 128" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 306 және 309" деген сөздермен ауыстырылсын; "Кеден ісі туралы заңның 129-133" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 310, 311, 312, 313 және 314" деген сөздермен ауыстырылсын; 18-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын; 2) "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 387-құжат): тақырыптағы және мәтiндегі "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету" деген сөздер "Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" деген сөздермен ауыстырылсын; кiрiспеде: "2000 жылғы 5 шiлдедегi және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңын және Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 191-бабын" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
|