|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) (2005.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 261, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 272-1, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 279-1, 280, 281, 282, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 289, 290, 291, 292, 293-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 261-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған "Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 1397025 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан жеті миллион жиырма бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 12-бабы; "Есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 7-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын, бюрократизммен күрестi және құжат айналымын қысқартуды жақсарту жөнiндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жетiлдiру туралы" 2001 жылғы 17 қазандағы № 705 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтi өткеру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыруды жетiлдiру жөніндегі одан арғы шаралары туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердi аттестациялауды жүргiзу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет мәселесi жөніндегі кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 1071 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электронды үкiметтi" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; "2000-2005 жылдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын одан әрі дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 790 қаулысы; "Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыруды жетiлдiру тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 шiлдедегi № 773 қаулысы; "Қазақстан Республикасының дәрiлiк саясат тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 мамырдағы № 584 қаулысы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулысы, "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1050 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету; қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби білімдерi мен дағдыларын жаңарту және тереңдету; денсаулық сақтау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру; көп деңгейлi денсаулық сақтау жүйесiн қалыптастыру, бәсекелес ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру; жедел және стратегиялық шешiмдердi қабылдаудың сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық шағын жүйелердің функциясын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң материалдық-техникалық базасын нығайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау; мемлекеттік қызметшілердің біліктiлiгiн арттыру; денсаулық сақтауды басқару жүйесiн жетiлдiру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүргiзу; министрлiктiң ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнiң есептеуіш техникаларын, локальды есептеуіш желiлерiн жүйелiк және техникалық қызметпен қамтамасыз ету, Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымы жүйесiнiң Еуропалық өңiрлiк бюросымен (бұдан әрi - ДДҰ ЕӨБ) және басқа да халықаралық ұйымдармен ақпараттық байланысты және ақпарат алмасуды қолдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң аумақтық органдарының ғимараттары мен үй-жайларын күрделi жөндеу жүргізу, министрлiктi және оның аумақтық органдарын материалдық және материалдық емес активтермен қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 ; 2005.21.10. № 1056 қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындау; мемлекеттік қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындауы үшiн кәсiби білімдерi мен дағдыларын тереңдету; лицензиялау жүйесiн жетiлдiру; денсаулық сақтау саласында халыққа медициналық қызмет ету жүйесiн жетілдіру; мәлiметтердi жинау, жедел тапсырмаларды өңдеудiң орташа уақыты мен ұқсас ақпараттық анықтамаларды беру мерзiмдерiн қысқарту, облыстардан статистикалық есептi (жылдық есеп 18 күнге дейiн; тоқсандық - 3 күнге дейiн) қабылдау кезеңiн азайту; аумақтық органдардың ғимараттары мен үй-жайларына күрделі жөндеу жүргізу.
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 262-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған "Орта кәсiптiк білімдi мамандар даярлау" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 164722 мың теңге (бір жүз алпыс төрт миллион жетi жүз жиырма екi мың теңге). ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 3, 7, 18, 48-баптары; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4, 8, 24, 35, 44-баптары; "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 6-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын орта медициналық және фармацевтикалық білімдi біліктi мамандармен қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімдi мамандарды даярлау, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындарға жол жүру шығыстарын өтеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес күрделi жөндеу жүргізуге күрделi трансферттер аудару. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары, балалардың және әйелдердi босандыру жөніндегі емдеу-алдын алу ұйымдары, санитарлық-эпидемиологиялық және зертханалық қызметтер, обаға қарсы күрес станциялары, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансерлер, геронтологиялық ұйымдар, хоспистер, ЖҚТБ орталықтарының және басқа да республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының орта медициналық және фармацевтикалық білімдi біліктi мамандарға қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау жөніндегі колледжді күрделi жөндеу жүргiзу.
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 263-қосымша
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2005 жылға арналған "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлау" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 2798215 мың теңге (екi миллиард жетi жүз тоқсан сегiз миллион екi жүз он бес мың теңге). ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi, "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5-бабы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 25, 26, 27, 43 және 44-баптары; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 26-бабы, "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы; "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегi Заңының 6-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шiлдедегi № 648 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы; "Мемлекеттік білім беру гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде жоғары оқу орындарының студенттер контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінiң 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 қаулысы, "Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк орта білімдi, кәсіптік жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандарды даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысы, "Білім беру қызметiн лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысы, "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) әскери даярлау, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысы; "Ерекше мәртебесi бар оқу орындары жөніндегі типтiк ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы; "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |